18.08.2022
  121


Автор: Батырхан Сәрсенхан

Дөп-дөңгелек Күн қалай жасалынды...

Дөп-дөңгелек Күн қалай жасалынды?
Дөп-дөңгелек Ай туды ұйықтарда.
Дөңгеленген сырғасы жас арудың,
Дөңгелейді қу бас та иықтарда.
Дөп-дөңгелек көзе алтын
самдай жанып,
Дүниенің қызығы болмай қалып.
Бір-ақ сәтте ортасы опырылып,
Бәрі бір кетер-ау Нөлге айналып!





Пікір жазу