18.08.2022
  157


Автор: Батырхан Сәрсенхан

Теңсіздік жыры

«Ғалам мылқау» десе егер нанасың ба?
Жұмбақтың бәрі осында.
Бір теңсіздік жатады білінбестен,
Асылы, адамзаттың арасында.
Көзсіз көрсе көңілсіз күй кернеуі,
Шоқ болып тиген жері.
Өзегі өліп-өшіп сүйе тұра,
Ол неге жетім қызға үйленбеді?
Быт-шыт болып іштегі бір ұстамы,
Көңілдің хрусталі.
Сері жігіт бұрылып қарамады,
Ақылды қыз ұнауға тырыспады.
Жаның жүдеп тірліктен жылағанда,
Мың сұрақ шығады алға.
Неге, неге құмар жұрт құлатуға?
Қисық өскен ағашты кінәлауға.
Мұны да әділет деп атамақ па?
Тұрғанмен қаталап та.
Сұлулыққа тәуелді гүл тағдыры,
Тұрмысыңа тәуелді махаббат та.
Жылдар жылға, тоналып айлар мұңға,
Сен де оны ойладың ба?
Бар болмысты келеді-ай бұзып өткім,
Жылап тұрған қыз көрсем,
айна алдында...





Пікір жазу