18.08.2022
185
Сәт
Түн. Бұлақ. Әлсіз шам қызыл қанат,
Сынық Ай жүзін қадап.
Мөлдір мұң. Қобыз самал. Күй дауысы,
Жапырақ жиналысы.
Құс жолы... қыруар жұлдыз
көк төрінде,
Жеттің бе, сол биікке жетпедің бе?
Қайдасың, ойға шомып отырған қыз,
Он жетінші ғасырдың көктемінде?