18.08.2022
  180


Автор: Батырхан Сәрсенхан

Көктас шеберханасы

Мәрмәрді қашап, сәбиге,
Жылайды зергер,
Қай жерден қалай от басты?
Мұңын да шағып айта алмай кетті-ау
фәниге,
Жасамашы, аға, көк тасты.
Ажалын күткен сақалын әрлеп бояумен,
Адамдар қандай жетесіз!
Туыла сала құлпытас жасап қояр ма ең,
Өлмейтіндер ше,
Өлмейтіндерді не етесіз?!
Тілегін жолдап тамұқтағы елден,
Жүрегін жұлып халыққа берген.
Сыймайтын рухы табытқа мүлдем,
Қырандай көкте қалықтап өлген,
Қабыландарды қайтесіз?!
Күшіген ойлар, ісіген кеуде,
Ілесіп Ардың түсіне ергенге.
Шешесін тілдер шоқ басса,
Айналсын солар көк тасқа!
Сұқтана қарап ала көздері,
Мына шал еске салады өзгені.
Ақынға мұның керегі қанша,
Қаламмен қашап алады өздері.
2013 ж





Пікір жазу