18.08.2022
127
ҚАП КИІП ЖАРЫСУ
Ойын ашық алаңда өткізіледі. Жарысатын қашықтықтың ұзындығы 50 метрдей болады. Жарыс жолына ойыншылардың санына сәйкес етіп кенеп қаптың аузын ашып қою керек. Негізінен жарысқа бірден төрт-бес адам қатыса алады. Ойын басқарушының белгісі бойынша жүгіру сызығына келіп қатарласып тұрған ойыншылар жүгіре жөнеледі. Әрқайсысы жолында жатқан қапқа жетісі мен, екі аяғын қапқа тез кигізіп, екі қолымен жоғары жағынан ұстап, ілгері қарай екі аяқтап секіріп жүгіреді. Осы ретпен ойын қайталана береді. Оған барлық талапкерлер кезектесе қатысады. Ойынның мақсаты – мәреге өзгелерден бұрын жету, сөйтіп жеңімпаз атану.