18.08.2022
  131


Автор: Қазақ ұлттық ойындары

ҚЫНДЫҚ-САНДЫҚ

Ойынға қатысушылардың ішінен екі ойыншы ортаға шығады да, біріне-бірі арқаларын тіреп қолтықтасады. Ойын жүр гізуші белгі берген кезде екеуі бірдей алға еңкейіп, бірін-бірі жерден көтеріп алудың қамын ойлайды. Жерден қайсысы бұрын көтеріп алса, сол ұтқан болып есептеледі. Енді ұтқан ойыншы орнында қалады да, ұтылған ойыншының орнына кезектегі келесі ойыншы шығады. Ойын осылай жалғаса береді. Ойын барысында кім көбірек жеңсе, сол жеңімпаз атанады.





Пікір жазу