18.08.2022
127
ЖАЯУ АУДАРЫСПАҚ
Мұны балалар «батырлар жекпе-жегі» деп те атайды. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Әркім бір-бір баланы ат қылып мінеді де, «ат» үстінде отырғандар өзара тартысады. Астындағы ат-балалар қозғалмай тұруға тиіс. Аударысқандардың қайсысы құлап қалса немесе аяғы жерге тиіп кетсе, сол жеңілген болып есептеледі.