18.08.2022
  94


Автор: Қазақ ұлттық ойындары

ТҮЙІЛГЕН ШЫТ

Ойынға қатысушылардың санына шек қойылмайды. Ойынға ортасынан бір-екі рет түйілген орамал, немесе кесінді шыт мата пайдаланылады. Ойынды түнде де ойнауға болады. Ол үшін әрине ақ орамал болғаны жөн.


Жүргізуші ойыншыларды жинап алады да: «Бір, екі, үш!» – деп дауыстайды. Осы кезде ойыншылар жан-жаққа бытырай қаша жөнеледі. Ал жүргізушінің өзі қолында түйілген орамалы бар ой ыншыны қуып береді, мақсаты – оны қу ып жетіп, қолындағы орамалды алып қою. Бірақ қашып бара жатқан ойыншы жүргізуші жете бергенде қолындағы орамалды басқа ойыншыға қарай лақтырып жібереді. Ол болса басқа ойыншыға лақ тырады... Сөйтіп, жүргізуші түйілген орамалды қолына түсіргенше ойын жалғаса береді. Егер жүргізуші орамалды ұстап алса, ұстатып қойған адам ортаға шығып өз өнерін көрсетеді. Сосын сол ойыншы жүргізушіні ауыстырады да, ойын қайта жалғасады. 





Пікір жазу