18.08.2022
  529


Автор: Қазақ ұлттық ойындары

Тоғызқұмалақ

Өте қызық әрі терең ойлануды қажет ететін ойын. Оның өзіне тән басты ерекшелігі, ол аса күрделі жабдықтарды қажет етпейді. Сондықтан да ертеректе ойыншылар кездескен бетте жерден кішкентай шұңқырлар қазып, ойын тақтасын дайындай қойған. Барлық құмалақты са латын шұңқырды – «қазан», тоғыз-тоғыздан құмалақ салатын шұңқырды – «отау» деп атаған. Көбіне далада кез дескен екі малшы сол «қазан» мен «отаудың» орнын жердің бетінен әзірлеп жіберіп, дорбаларында жүрген қойдың кепкен 81 құмалағын әр «отауға» тоғыз-тоғыздан бөліп салып, ойнай беретін болған.


«Тоғызқұмалақ» ойынын оңнан солға қарай, яғни сағат тілінің бағытына қарсы жүреді. Құмалақ салынған тоғыз «отаудың» әрқайсысының өз атауы бар: сол жақтағы шеткі бірінші отау – «таңдық», екіншісі – «көшпелі», үшіншісі – «атөтпес», төртіншісі – «атсұратар», бесіншісі – «бел», алтыншысы – «беласар», жетіншісі – «қандықақпан», сегізіншісі – «көкмойын», тоғызыншысы – «маңдай». Ойынның ойналу үрдісі толығымен осы «отау» атауларына негізделген. Мәселен, ойын басталғанда алғаш жүрген адам «қандықақпан» десе, ол жүрісін жетінші «отаудан» бастағанын хабарлағаны. Енді қарсыласы жүрісті жалғастырып «бел» десе, қарсылас ойыншы оның жүрісті қай «отаудан» бастағанын біліп, соған қарсы жүруге кіріседі. Негізінен жүрісті жеребе бойынша анықталған ойыншы бастайды. Есте болатын нәрсе: алғашқы жүрісті ойыншы тоғызыншы «отаудан» бастауына болмайды, басқа «отаулардың» кез келгенінен бастап жүре беруге ерікті. Жүрісті бірінші болып бастаған ойыншы өзі «осыдан жүрген дұрыс» деп есептеп «отауда» бір ғана құмалақ қалдырады да, қалған құмалақтарды сол жүрген «отаудан» кейінгіден бастап бір-бірден салып шығады. Ең соңғы құмалақты қар сыласының тоғызқұмалағы бар «отауына» салып, сол «отаудан» он құмалақ алады да, өз қазанына апарып салады. Демек, ойын ережесі бойынша қарсыласынан құмалақ алу үшін оның ең соңғы тақ құмалағын өзінің бір құмалағымен жұптап, өз «қазанына» салып қояды. Әдетте, қарсылас ойыншылар ойын барысында өздерінің «отауларындағы» құмалақтарды жұп күйінде ұстап отыруға ұмтылады. Ойыншылардың мұндай жағдайдағы «отауы» – «жабық отау» деп ата лады. Ойын барысында әр ойыншы өз қарсыласының «отауларындағы» құмалақтар санын тақ жасауға тырысады. Демек, саны тақпен аяқталған «отау» – «ашық отау» деп аталады. Ойын кезінде ойыншы қарсыласының «отауында» жатқан құмалақтарын қо лы мен ұстап санауға болмайды. Тек «отауларының» қайсысы «ашық», қайсысы «жабық» және қайсысында қанша құмалақ бар екенін ғана сұрай алады. Ал әр ойыншы қарсыласының қойған сұрағына дұрыс жауап беруге міндетті. Сондықтан ойыншылар негізінен тақта «отауларының» әрқайсысында  қанша құмалақ барын есте ұстауға тырысады. Ойын барысында «отауда» бір құмалақ қалса және ол жүріс үшін қажет болса, онда ойыншы жалғыз құмалақты қатарындағы «отауына» ауыстырады. Яғни, бұл деген жүріс жүргізілген болып шығады. Ойын барысында «тұздық алу» деген болады. Жүрген ойыншы ең соңғы құмалағын қарсыласының екі құмалақ жатқан «отауына» түсіріп, үш құмалақ етіп алса, бұл ойыншы өзінің қарсыласынан «тұздық алған» болып есептеледі. «Тұздық алудағы» мақсат – әрбір жүріс сайын «отауға» түсетін құмалақты өзіне алып отыру. Ойын ережесі бойынша тек «маңдайдан», яғни тоғызыншы «отаудан» «тұздық» алуға болмайды. Ойын барысында «тұздық» бір-ақ рет алынады. Ойын кезінде, әсіресе, ойын соңына таман ойыншының біреуінің құмалағы таусылып қалады да, жүретін жүрісі бітеді. «Тоғызқұмалақ» ойынында бұл жағдайды «атсырату» деп атайды. «Атсырау» жағдайына тап болған ойын кезегі ұтылғанға жатады. Себебі, ол ойыншы одан әрі жүре алмайды. Ал енді қарсыласын «атсырау» жағдай ына алып келген ойыншы өз «отауларындағы» құмалақтың барлығын жинап өз «қазанына» салады да, барлық құмалақтың есебін шығаруға кіріседі. «Атсырау» жағдайына дейін бұл екі ойыншының бірі 82 құмалақ жинап үлгермегенімен, әлі де жүру мүмкіндігінен айырылмаған ойыншы жеңген болып есептеледі. Ойын барысында «атсырау» жағдайы сирек кездеседі. Себебі ойынның айла-тәсілін білетін ойыншы өзін «атсырау» жағдайына жеткізбеуге тырысады. Бүгінде «тоғызқұмалақ» ойынының барысы шахматтағы сияқты басынан аяғына дейін жазылып отырады. Мысалы, 711 саны жазылса, ондағы 7 – «отаудың» реттік саны да, 11 – «отаудағы» құмалақ саны. Енді осы саннан кейін сызықша арқылы қарсыласының жүрісі жазылады. Мұнда да «отаудың» реттік сан мен сол «отаудағы» құмалақ саны жазылатын болады. Сонда бірінші жүріс шамамен былай болып шығады: 711–815. 815 – қарсыластың жүрісі. Нақтырақ айт қанда, 15 құмалағы бар 8-ші «отаудан» басталған жүріс. Және бір мысал, ойыншылардың екінші жүрісі 69–55 болды делік. Мұндағы 6 – бірінші жүрген ойыншының «отауының» реттік саны да, 9 – «отаудағы» құмалақ саны. Ал екінші жұптағы бірінші 5 – екінші жүрген ойыншының «отауының» реттік саны да, екінші 5 – сол «отаудағы» құмалақ саны. Тағы да бір мысал, егер 12 құмалағы бар 2-ші «отаудан» жүріп, қарсыласының 2 құмалағы бар 4-ші «отауына» түссе, бірінші жүрген ойыншы «тұздық» алады. «Тұздық» жазу «Х» таңбасымен белгіленеді. Сонда бұл жүріс 212–42Х болып шығады. Сондай-ақ жүрістің соңғы құмалағы «тұздыққа» түссе, онда 84–2Х болады. Бұл – 4 құмалағы бар 8-ші «отаудан» жүріп, қарсыласының 2-ші «отауына» «тұздыққа» түсті деген сөз.


Ойын барысында ойыншы қарсыласының келісімінсіз құмалаққа қол тигізуіне болмайды. Егер ойыншының біреуі құмалаққа қолын тигізуіне тура келіп жатса, құмалағымды реттеп санаймын деп, қарсыласына ескертуге міндетті. Егер де ескертусіз бір «отаудағы» құмалаққа қол тигізсе, сол «отаудан» жүріс жүруге тиіс болады. Әдетте, ойыншы құмалағын ұстаған «отаудан» жүруі керек. Ал қарсыласының құмалағына қол тигізуге ешқайсысының да қақысы жоқ. Бұл ережелер ойын басталар алдында ойыншыларға қатаң ескертіледі. Ойынды жеребе бойынша бірінші жүру кезегіне ие болған ойыншы бастайды. Екі ойыншы да жүрген жүрістерін қағазға жазып отырады. Ойын соңында жеңіске жету үшін ойыншы «қазанында» міндетті түрде 82 құмалақ жинауы қажет. Ойынның тең аяқталуы сирек кездесетін жағдай. Негізінен тек ойын барысында екі ойыншы бірдей «тұздық» алғанда ғана ойын тең аяқталуы мүмкін. Ойын ережесі бойынша ойында жеңген ойыншыға – бір ұпай, тең ойынға жарты ұпайдан беріледі. Ал ұтылған ойыншыға ұпай берілмейді. Жарыс қорытындысын шығарған кезде ұпайы санымен қоса міндетті түрде құмалақ саны қоса жазылады. Мәселен, ұтса – 82–80, тең түссе – 0,5 81–0,5 81 деп жазылады. Себебі жеңімпазды анықтау кезінде екі-үш ойыншының ұпай бірдей болып қалса, жеңімпаз құмалақ санына қарай анықталады.


ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ойыны сурет фото 





Пікір жазу