ЖАСЫРЫНБАҚ
Ойын әдетте жазда түнге қарай ай жарығында, бұталы-шөптесін алаңдарда, ал күндіз қора-қопсысы көптеу жерлерде өткізіледі.
Ойнаушылар көмбеге жиналғаннан кей ін санаған саусақ кімге түссе, сол адам іздеуші, яғни жасырынғандарды көмбеге тауып әкелуші болады. Мұның мәнісі былай: ойын жүргізушінің айтуымен «бір, екі, үш» дегенде бәрі саусақ көрсетеді, біреуі – бес, біреуі – он, енді біреуі – екі... т.т. Сосын көрсетілген сау сақтардың қосындысын шығарғаннан кейін саусағын ең аз көрсеткен немесе ең көп көрсеткен ойыншыдан бастап санау басталады. Сөйтіп, саусақтардың қорытынды саны кімге тап келсе, сол іздеуші болады. Ойын жүргізуші іздеушінің көзін басып тұрып қатты айқайлап, елуге дейін санайды да (осы аралықта ойнаушылар жасырынып үлгерулері керек) іздеушіні қоя береді. Ол жасырынған балаларды іздеуге кіріседі. Іздеуші тапқан ойыншының атын атап «шика» дейді де, көмбеге жүгіріп келіп хабар береді. Содан соң басқаларын іздейді. Ескеретін бір жайт, іздеуші тауып алып «шика» демейінше, жасырынғандар өз беттерінше көмбеге жүгіріп келуіне болмайды.