18.08.2022
  111


Автор: Қазақ ұлттық ойындары

МӘЛКЕ ТОТАЙ

Ойынға қатысушылардың санына шек қойылмайды. Ойнаушылар өзара келісе отырып, теңдей екі топқа бөлінеді де, алдын ала белгіленген арақашықтығы 20– 30 қадамдай жердегі көмбелерге барып,
бір-біріне қарсы қарап тұрады. Олар бірбірінің қолдарынан мықтап ұстап алады.
Бірінші топтың ойыншылары ойынды бастап: «Мәлке тотай!» – деп дауыстайды.
Екінші жақ: «Кімді қалай?» – деп сұрайды. Енді бірінші топтың бір ойыншысы: «Пәленшені қалай!» – деп, сол өзі атаған ойыншыны алып келу үшін қатты жүгірген бойда қол ұстасып тұрғандардың тізбегін үзеді. Егер тізбекті үзсе, атаған ойыншысын ертіп өзінің тобына оралады. Ал егер үзе алмай қалса, өзі сол топта қалады.
Келесі кезекте «мәлке тотайды» екінші жақ айтып, олардан шыққан бір ойыншы бірінші топтың қол ұстасқан тізбегін үзеді. Бұл да, егер тізбекті үзсе, өзі атаған ойыншысын ертіп әкетеді де, ал егер үзе алмаса, өзі сонда қалады. Осылайша екі топтың біріндегі ойыншылар таусылғанға дейін ойын жалғасады да, ең соңында орнында қалған ойыншы «жазаға» тартылады.





Пікір жазу