18.08.2022
  105


Автор: Қазақ ұлттық ойындары

ШЕРТПЕК

Ойынға екі қабатталып есілген ора- мал керек. Ойнаушылар дөңгелене оты- рып болғаннан кейін, жүргізуші орамалын иығына салып алып, ойнаушылардың ар- тында айнала жүреді де кез келген бір ойыншының екі көзін екі қолымен баса қояды. Сол кезде ойын жүргізушінің ым- дауымен бір ойыншы байқатпай келіп  оның қолынан (шекесінен) шертіп қалады да, қайтадан өзінің орнына отыра кетеді. Жүргізуші қолын қоя бере салып:
«Шертпегімді тап!»– деп, иығындағы орамалын қолына алып, оны арқасынан ұра бастайды. Сондықтан таяқты көп жемеу
үшін көзін жұмған ойыншы өз болжамын тезірек айтуға тырысады. Егер «шертпекті» дұрыс тапса, шерткен адам жаза ретінде өз өнерін көрсетеді, ал таппаса, оның өзі өнер көрсетеді. Осындай тәртіппен ойын жалғаса береді. 





Пікір жазу