18.08.2022
  205


Автор: Қазақ ұлттық ойындары

БӨРІК ЖАСЫРМАҚ

Ойынға қатысушылар араларынан бір ойыншыны шығарып, алыстау жер- ге барып басындағы бөркін жасыруға мүмкіндік береді. Әрі ол ойыншының өзі де сол маңайға жасырынады. Сосын басқа ойыншылар тығылған бөрікті ізде- уге кіріседі. Кімде-кім тығылған бөрікті көріп қойып алмақ болса, иесі оны бер- меуге тырысады. Бірақ ойынның ере- жесі бойынша таласуға, бір-біріне күш көрсетуге болмайды. Бұл жерде алушы қалайда ебін тауып, бөрікті алып кетіп, жүргізушінің қолына тапсыруы керек. Келесі кезекте әлгінде бөрікті әкелген ойыншы жасырынуға барады. Осылайша ойын жалғаса береді.





Пікір жазу