18.08.2022
  89


Автор: Қазақ ұлттық ойындары

ТҰТҚЫН АЛУ

Ойнаушылар теңдей екі топқа бө- лінеді. Екі жақтан бір-бір ойыншы ортаға шығады да теріс қарап тұрып, қолдарын айқастырып көпір жасайды. Бірінші топ- тың ойыншылары тізбекке тұрып бір-бір- леп, «алал-ай, бұлал-ай, солал-ай» деп әндете көпірдің астынан өте бастайды. Осы кезде екінші топтың ойыншыла- ры оларды көпірдің түбінде кездестіріп, әрқайсысының қолына бір-бір тастан не- месе бір-бір бас киімнен ұстатады да, сол заттардың аттарын айтуды өтінеді (өздері алдын ала келісіп алған). Олардың атта- ры әлгінде бірінші топ айтып келе жатқан:


«алал-ай, бұлал-ай, солал-айдың» бірі болуы тиіс. Егер ойыншылар аттарын дұрыс тапса, көпірден өтіп кете береді де, ал дұрыс таппағандарын жүргізуші көздерін байлап, қолға түскен тұтқын ретінде қарсыластар тобына жібереді. Осылайша бірінші топ көпірдің асты- нан түгел өтіп болғаннан кейін олардың қолға түскен тұтқындары ортаға шығып өнер көрсетеді. Ойын қайталанған кез- де көпірдің астынан екінші топ өтеді де, олардың ұсталған тұтқындары бірін- ші топқа жіберіледі. Сөйтіп, олар да өз өнерлерін көрсетеді.


 





Пікір жазу