ҚАРТ-ҚҰРТ
Ойынға жиналған балалар тең екі топқа бөлінеді. Жүргізушінің айтуымен екі топ- тан екі ойыншыны қарама-қарсы екі жақ- қа жібереді. Олар басқа ойыншыларға көрсетпей бір тасалау жерге сызық бел- гілер салып келеді. Сосын екі топтың ойыншылары қарсыластарының, яғни бір-бірінің салып қайтқан белгілерін та- уып алып, өшіріп тастайды. Артынан екі топтың адамдары бірге жүріп өшірілмей қалған белгілерді санап шығады. Қай- сыларының өшірілмей қалған белгісі көп болып шықса, сол топ ұтқан болып есеп- теледі.
Бұл ойынның екінші түрін «шұқыма» деп те атайды. Онда әр ойыншының қолдарында таяқтары болу керек. Ал- дын ала сайланған белгі соғушы ойын- шылар алға озып кетіп, білінер-білінбес етіп жерді шұқып қана белгі салып ке- теді. Содан соң олардың артынан шыққан екі топтың қайсысы белгіні бұрын тапса, сол топтың ойыншылары жеңген болып шығады. Сөйтіп, ұтқан топтың ойыншы- лары қолдарындағы таяқтарын шамасы жеткенше бар күшімен алысқа лақтырып жібереді де, жеңілген қарсыластары олар- ды сол тұрған жерінен таяқ түскен жерге дейін арқалап апарады.