ҚАЗАН
Ойынды қыс кезінде мұздың үстінде, ал жазда тақыр алаңда ойнауға болады. Ойынға қатысушылардың әрқайсысының басы қайқы қақпа таяғы мен ағаштан істелген домалақ шары болуы керек.
Ойынға қатысушылар үлкен шеңбер сызып, дәл ортасынан бір «қазан» қа- зады. Ойнаушылардың саны көп бол- са, шеңбер соғұрлым үлкен болады. Шеңбердің бойымен қатарласа тұрған ойыншылар арасы бір-бір адымдай жерден, яғни әрқайсысы өзінің алды- нан «қазан» қазып алып, домалақ аға- шын соған салып қояды. Бір ойыншы шеңбердің ортасындағы бос «қазанды» күзетіп тұрады. Шеңбер бойында тұрған ойыншылардың мақсаты – әрқайсысы өзінің шарын ортадағы бос «қазанға» түсіру, ал бос «қазанды» күзетіп тұрған ойыншының мақсаты – олардың шарын қалайда бас «қазанға» түсірмеу. Егер кімде-кім ортадағы «қазанға» шарын түсірсе, сол адам күзетшіні алмастыра- ды. Өйткені ортадағы «қазанды» қорғау жауапты әрі беделді қызмет болып есеп- теледі.
Ойын осылайша жалғаса береді.