18.08.2022
  128


Автор: Қазақ ұлттық ойындары

ШҮЛДІК

Бұл тақыр алаңда ойналатын ойын. Ойынға екі басы үшкірленген, ұзындығы бір қарыс шүлдік (ағаш) пайдаланыла- ды. Ойын алдында үлкен шеңбер сы- зылып, ортасына шүлдік қойылатын шұңқыр қазылады. Шүлдік шұңқырдың ішінде емес, сыртында жатуы керек. Со- сын әр ойыншының қолында ұзындығы 1 метрдей таяғы болады. Ойыншылардың санына шек қойылмайды. Әдетте ойнау- шылар екі топқа бөлініп ойнайды.


Ойнаушылар кезек алысып, біріншіден бастап әрқайсысы шүлдікті қолындағы таяғымен жерден көтеріп алып, жерге түсірмей соғады да, таяғын шеңбердің үстіне тастайды. Ал екінші кезектегі ойын- шы шүлдікті түскен жерінен алып, соққан ойыншының таяғын көздеп шеңберге қарай лақтырады. Егер таяққа тигізсе, я болмаса шеңбердің ішіне түсірсе, онда соққан ойыншы ойыннан шығып қалады. Ал лақтырған ойыншы таяққа тигізе ал- маса, я болмаса дөңгелек шеңбердің ішіне түсіре алмаса, онда бірінші ойын- шы шүлдікті таяғымен қатарынан үш рет шекіп соғады. Сөйтіп, шүлдікті қай жер- ге апарып түсірсе, сол жерден дөңгелек сызыққа дейін таяғымен өлшеп санайды да, екінші ойыншыға сонша ұпай сала- ды. Сондай-ақ бірінші ойыншы шүлдікті


жерден көтеріп, жерге түсірмей соққан кезде оған тигізе алмай қалса, онда ол ойыннан шығып қалады. Мұндай жағдайда оның орнына екінші ойыншы соғушы болады. Ал егер ол да шығып қалса, үшінші ойыншы соғушы болады. Ойын осылайша жалғаса береді.


Ойынның және бір шарты – таяқпен шекіген кезде шүлдікке тимей жерді са- лып қалса, ойыншының бар ұпайы күйіп кетеді. Сол сияқты шекіген кезде шүлдікті қолымен ұстап қойса да, ұпайын күйдіріп алады. Сондықтан шүлдікті үшінші рет шекігеннен кейін ғана ұстауға болады.





Пікір жазу