18.08.2022
  165


Автор: Қазақ ұлттық ойындары

ШАЛМА

Бұл ойынды екі адам ойнайды. Ойын- шылар бір-біріне қарсы қарап отырады да, дайын шалманы бірінің қолынан бірі алады. Алғашында екі ұшын біріктіріп түйеді де, екі қолға, яғни төрт саусаққа кигізеді, ортаңғы саусақпен кезекпен іліп алады, сонда «ыңыршақ» шығады. Екінші жағдайда, екінші адам басбармақ және сұқ саусағымен ыңыршақтың екі жақ керегесінің, үстінен астына қарай алып, «кереге» шығарады. Үшінші жағ- дайда, керегені үстінен астына қарай алып, «шаңырақ» шығарады. Төртінші жағдайда, шаңырақты екі шынашақпен айқастыра алып, «астауша» шығарады. Бесіншіде, «кереге» қайталанады. Ал- тыншыда, «шынтақ» шығады. Енді әрмен қарай  жалғастырып  ойнай  берсек  – «астау», «кереге», «шынтақ», «астау», «ке- реге», «шынтақ» болып қайталана береді.


 





Пікір жазу