КӨК СИЫР
Қатысушылар санына шек қойылмай- ды. Ойыншылар бір сызықтың бойы- на малдастарын құрып отырады. Осы кезде ойын жүргізушінің өзі «көк сиыр» болып ойнаушылардың ортасына ке- ліп: «Бұзауымды жоғалтып алдым, көр- гендерің бар ма?» – дейді. Ойнаушылар барлығы бір дауыспен: «Ит-құс жеп кет- кен, бізден әрі жүр!» – дейді. «Көк сиыр» кетіп қалып, сәлден соң қайта келеді. Енді мүсәпір күйге түсіп: «Мені құшақтайтын төлім жоқ, киім тігетін инем жоқ...» – деп кемсеңдеп жылай бастайды. Ойнаушы- лар бұзаудың қайда екенін біле тұра және айтпайды. Бірақ «көк сиырды» аяған бо- лып, әркім өзінше «садақа» береді. «Көк сиыр» бұзауын таппағанмен ұсынған «са- дақаларды» жинап алып, жөніне кете ба- рады. Сол сәтте балалардың артында тығылып отырған «бұзау» атып шығып, енесінің артынан тұра жүгіреді. «Бұзауын» көрген «көк сиыр»: «Әлгінде мен іздеген- де қайда болдың?!» – деп қатты ашула- нады. «Бұзау» өзін балалардың жасыр- ып қойғанын айтып береді. «Көк сиыр» балаларға қайта оралып, өзін алдап, «садақаларымен» алдаусыратқандары үшін, «садақаның» иелерін бір-бір- леп ортаға шығарып, жаза ретінде өнер көрсетуін талап етеді. Осылайша кінәлі- лер өз өнерлерін көрсетіп біткен соң, «көк сиыр» мен «бұзау» өздерінің рөлдерін топ ішінен көңілдері қалаған балалардың біріне тапсырады. Сөйтіп, ойын әрмен қарай жалғасады.