18.08.2022
  140


Автор: Қазақ ұлттық ойындары

ОМПЫ

Ойын командалық есепте өткізіледі. Диаметрі 10 м шеңбер сызылады. Шең- бердің ортасына әр ойыншы өзінің асы- ғын тігеді. Асықтардың қақ ортасына бір асықты омпасынан тігеді. Әр ойын- шының кеудесінде нөмірі болады.


Ойынның атыс кезегін анықтау үшін төреші жеребе тастайды. Команда ойын- шылары белгіленген нөмірінің жүйесімен шеңбер сызығынан 2 м қашықтықта қа- тарға тұрады.


 


Шеңбер ішінде, асықтың жанында тұрған аға төреші ойын басталғандығын хабарлайды. Хатшы-төреші ойыншылар- ды бірінші нөмірінен бастап асық атуға сөреге шақырады. Асық атуды әр ко- манданың бірінші нөмірлі ойыншылары бастайды.


Ойын барысында ұстанатын ереже:



  1. Әр ойын сайын команда ойыншыла- ры көнге өз асықтарын тігеді. Омпыға тигізсе – 5 ұпай, асыққа тигізсе – 1 ұпай алады. Асыққа тигізген ойыншы атуды ти- мей қалғанға дейін жалғастырады. Егер ойыншының сақасы асыққа тимей, алшы- сынан түсетін болса, онда ату кезегін қай- талайды.

  2. Жарыс команда санына байланысты топтарға бөлініп, айналым жүйесімен өткізіледі. Атып алынған асық және омпы қайтадан тігілмейді. Жарыстың жеңімпазын анықтау үшін мәрелік ойын- да бірінші орын алған командалар өзара айналым жүйесімен қайта ойнайды. Екін- ші орын алғандар өзара, үшінші – өзара, төртінші... т.т. ойнайды.

  3. Мәрелік ойынға дейін команда- лар бірдей ұпай жинаған жағдайда, сол командалардың арасындағы ойын нәти- жесі алынады. Бірдей болмаған жағдай- да, артықшылық омпыны алған команда- ға беріледі. Егер команданың ешқайсысы омпыны атып алмаған жағдайда, бұл екі команданың арасында ойын қайта өт- кізіледі. Топтағы жиналған ұпай саны мә- релік ойындарда есепке алынбайды.

  4. Әр ойын алаңында аға төреші, төреші және хатшы қызмет етеді.

  5. Сақа тексеріледі, оны егеуге және қорғасын құюға болмайды. Сақаға ар- қардың, еліктің шикі асығын пайдалануға болады.





Пікір жазу