18.08.2022
  307


Автор: Қазақ ұлттық ойындары

Орамал тастау

Ойнаушылардың саны көп болса, ой- ын қызығырақ өтеді. Қатысушылар екі топқа бөлінеді де, арасы бір-бірінен он адымдай жерде белгіленген екі сызықтың бойына қарама-қарсы тұрады. Жүргізуші қолындағы орамалын бірінші топтың шеткі ойыншысына ұстатады. Ол орамалды қар- сы беттегі ойыншының біріне қарай лақ- тырып жібереді де: «Қа...» – деп дауыстай- ды. Қарсылас ойыншы орамалды қағыпалып:


«...ғаз» – дейді, немесе «...ла» – дейді. Сон- да екеуінің айтқандарынан «қағаз», «қала» деген сөздер шығады. Ойынның шарты бойынша, айтылатын сөздер екі буын- нан аспауы керек. Мысалы, «са...» деп дауыстаса, «са-дақ», «са-қа», «са-бын»,


«са-қал», «са-рын» деген сияқты сөздер айтылуы қажет. Орамалды қаққан ойын- шы жылдам тиісті сөзді айта алмай қалса, онда ортаға шығып, өнер көрсетеді. Со- дан соң ол өз кезегінде орамалды қарсы жаққа лақтырып, жұмбақ сөздің бірінші буынын дауыстайды. Осылайша ойын ке- зек жалғаса береді.


Бұл ойын балалардың тіл жүйріктігін, тапқырлығын қалыптастырады.





Пікір жазу