18.08.2022
  140


Автор: Қазақ ұлттық ойындары

Айгөлек

Ойын кең алаңда өткізіледі. Ойын- шылар саны мен жас шамасына қарай екі топқа бөлінеді де, арасы 15–20 метрдей жерде қол ұстасып қарама-қарсы тізбек құрайды. Ойын жүргізуші екі топтың біреуіне ке- зек береді. Олар барлығы қосылып төмендегі өлеңді айтады:


 


Айгөлек-ау,айгөлек, Айдың жүзі дөңгелек. Теміршіден дем шығар, Үзеңгіден тер шығар.


Ақ терек пен көк терек, Бізден сізге кім керек?


 


Екінші топтың ойыншылары былай деп жауап береді:


 


Айгөлек-ау,айгөлек, Айдың жүзі дөңгелек. Теміршіден дем шығар, Үзеңгіден тер шығар.


Ақ терек пен көк терек Шолпан атты қыз керек.


 


Шақырылатын баланың не қыздың атын атайды. Қарсы топтан шақырылған қыз не бала тізіліп тұрған топтың әлсіз жерінен үзіп өтуге тиісті. Егер ол үзе ал- маса, онда сол қатарда қалады, ал үзсе – онда өзі қалаған ойыншының бірін өз то- бына ала кетеді. Ойын аяқталғаннан кейін екі жақтың ойыншылары саналады, қай жақ көп болса, сол топ ұтқан болып есеп- теледі.





Пікір жазу