17.08.2022
203
Өлеңмен емдеп жараны...
Өлеңмен емдеп жараны,
Шапқылап, шауып келеміз.
Тағдырдың басқа салғанын,
Көреміз де, көнеміз.
Түзеледі-ау тірлік те,
Өзгерсе егер өреміз,
Жылаған жанды көргенде,
Өлеңмен демеу береміз.
Халқым аман болсыншы,
Қалғанын тағы көрерміз.