17.08.2022
  125


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Күн. Ұл.Таң

Күн. Ұл.Таң.
Қыз бар ма сыр ұққан?
Күн нұры,
Маңдайды жібітті,
Сол ғана жүректі жылытқан.
Бір ару асылды мойныма,
Басқасы ұмытқан.
Күн. Ұл. Түс.
Мұң деген ортақ іс.
Ал сырлар әр бөлек жарығым.
Жасайық қолғабыс.
Арманға алшыңдап қадамың,
Демеші ол да алыс.
Ай. Ұл. Түн.
Оңаша, иә, рас.
Қасқырға ұқсаймыз ұялас.
Көңілді сәттерде күлеміз,
Жыласақ бізді ешкім тия алмас.
Ай. Ұл. Түн...





Пікір жазу