17.08.2022
  158


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Жан-жарыма

Келші жаным қысайын құшағыма,
Тоят тауып жатшы бір кұшағымда.
Жұмақтың жұпар исін сезінемін,
Еніп кетсем жаным-ау құшағыңа.
Арманым-ай, асылым, адалым- ай.
Жәудіреген көзіңдерің, жанарың- ай.
Маған ғана бұйырған бақытым сол,
Пейілің періштедей жамалым-ай.
Сезімім от, жаным-ау өртенбеші.
Ұрпағымыз жасасын, өркендесін.
Ұлың өсіп, келінің еркелетіп,
Соңымыздан немере ерте берсін.
Табақтас болсақ жаным жақсыменен.
Құда болу ниетім жақсыменен.
Қазақтың төрт тағанды ұлын туған,
Жаным сол,
Мен өзіңді жақсы көрем.
Сүйемін,
Сүйіп жүріп бағынамын.
Кешірімшіл жаным-ау, бағың мәлім.
Шалыс басып жүретін ерек ғұмыр,
Жаным-ау құшағыңды сағынамын.





Пікір жазу