17.08.2022
  135


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Тынышың керек, қорып та аламын...

Тынышың керек, қорып та аламын,
Қаламым сынса жонып та аламын.
Адамның бәрі жылап бір келіп,
Жылап бір кетер соны ұқ қарағым.
Жабырқай берме,
Жылай да берме,
Болмасты ойлап, бөтенге ерме,
Көрсетпе жұртқа көзіңнің жасын,
Қолыңда тұрған намысты берме.
Ерлердің ісі ат үстінде, шырақ.
Ат та ерттеп мінген, дүр қыздар бірақ.
Бақытың менен бағытың бөлек,
Қайтесің қалқам билікті сынап.
Тамаша ару өкпеледі ме?
Адамға жоқ ау көп керегі де.
Бір тойға келіп кездесіп тұрып,
Араламадық көк төбені де.





Пікір жазу