17.08.2022
  120


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Ұнатқанға

Қара түнде көк бөріше жортамын.
Торқалы өмір,
Торқа сезім, торқа мұң.
Кездесуге бара алмаймын, өйткені,
Нәзік жанды жылатам деп қорқамын.
Қыз жауһардың ойлайықшы наласын,
Емдейікші жүректегі жарасын.
Аға дейсің жақынырақ сыйлассақ,
Маған жаным бауыр басып қаласың.
Пенде ғұмыр,
ұмыта алмай өткенді,
Сол өткенде жатыр ботам көп белгі.
Күз желімен оянса да шабытым,
Аңсап жүрем көктемді.
Сүйсем дағы, ұнатсам да сені мың.
Кер заман ба, кері тірлік, кері мың.
Төрт ұл туған періште жан көлікпен,
Мені күтіп қарсы алды ғой серігім.
Туған күнім, келмедің деп кектенбе,
Ойым сан-сақ, жүзімде тұр бет перде.
Түнгі бірде ұшақ қонды амал не,
Туған күнің өтіп жаным кеткенде.





Пікір жазу