17.08.2022
113
Ғашық жанға
Хат жазасың,
Мен бірақ үндемеймін,
Көрсең де алуан тірлік күнде мейлің,
Үндемей хаттарыңды оқып қоям,
Жазсаң да түнде мейлің.
Жалғыздық па?
Жүрегің өртенеді,
Жолықтыра алмадың ерте мені,
Тағдырыңның тартуы осы шығар,
Менің де жан-жүрегім өртенеді.
Ұмыт мені,
Сезімге еліктедік.
Өмірге ұмтылайық сеніп, көріп.
Анасын қадір тұтқан бүлдіршіндер,
Ұялтар сені мені еріп келіп.
Орындалмас арманға ерік бермей,
Әр жанға иланасың сеніп көрмей.
Нәпсіңді тия алмасаң құның қанша,
Күйеуіңнен қашқандай жеріп келген.