17.08.2022
  88


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Ақындық, сенсеңіз ол түр алдайды...

Ақындық, сенсеңіз ол түр алдайды.
Ортада жүрген кезде сылаңдайды.
Жан дауасы тек қана өлеңі ғой,
Екі ақын, бір отауда тұра алмайды.
Түр алдап, жан дүниесін жасырады.
Бойыңдағы жыныңды қашырады.
Ақын досым келді деп төр сыйласаң,
Мерейіңді, бағыңды асырады.
Ақтан құйсаң ұялмай сіміреді.
Жөн сөз айтсаң тізесі бүгіледі.
Өлеңмен ұйықтап кетер жастық құшып,
Өлеңмен оянады ол, тіріледі.
Жандар емес, әлелі жәлелі бар.
Көңілін тапсаң, жұпарлы сәлемі бар,
Ақында айыптама ол да пенде,
Бірақ оның өзгеше әлемі бар.





Пікір жазу