17.08.2022
100
Ақ періштем, кішкентайым, жарқыным...
Ақ періштем, кішкентайым, жарқыным.
Арай шашып, нұр сыйласын әр күнің.
Шаңырақтың берекесі өзіңсің,
Жауһар қызым, жанашырым, алтыным.
Күлкің қандай, сыңғырындай бұлақтың.
Қажып келсем, наз үніңмен жұбаттың.
Сен туғанда жарық дүние нұрланып,
Кілтін әкеп сыйлағансың жұмақтың.
Басылмаған ата-анаңның құмары,
Сәбиім-ау исің аңқып тұрады.
Қызды үйге әмірімен Алланың,
Періштелер жиі соғып тұрады.
Мөлдіреп бір жәудіресе жанарың.
Жүрек жылып көп жасап мен қаламын.
Туған күнің құтты болсын жарығым,
Бақытты бол қарағым!