17.08.2022
  101


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Қан тазалығы

Көкке қарашы,
Ақ бұлттар жөңкіп, ақ аспан.
Жандарды көрсем, қуанып қалам жарасқан.
Тағдырым екен дегенбіз талай сұлуды,
Ақ гүлге теңеп,
Аққуға теңеп, адасқан.
Гүл ғұмыр мені жетпестей етіп тұсаған.
Үзіліп кетпей, күй кешкен күдер құсадан.
Қолыңнан сенің ұшырған аппақ көгершін,
Өзгеге қонды,
Өзгелік болдың, құс арман.
Мендегі жалын шарпыды шоқ боп, өзгердім.
Сынына шыдап, қырын қараған ездердің.
Талқысын көрсін деді ма мына тағдырым,
Айналып келіп,
Байланып келіп кез келдің.
Оңып бір тұрған жоқ еді дедің мінезің,
Іштей ұнаттың, оны да сездім, білемін.
Бір болмадық, тағдыр да хабар бергендей,
Сол кезде соқпай қалғандай еді жүрегім.
Жігітке берген батасы ма екен жуымау?!
Жеті ата емес, жетпістен асқан руым- ау.
Барлығын бауыр көрсе екен деген тілек пе,
Қызын да бермей, туысқандықтан суымау.





Пікір жазу