Жік салушы
Есіме түсіп кетті ескі өлең.
Есермен де алыстым, естіменен.
Бір тарихты айтып мен берейінші,
Досым біліп, әйелім естімеген.
Сұлу жан, өзі сондай сызылатын.
Көргенде жан дүниең де қызынатын.
Үстіндегі формасы болмаса егер,
Әр еркектің ойлары бұзылатын.
Сол әйелге мен дағы көрші болдым.
Жұмысым аржағында көрші жолдың.
Аяқ тартып менен ол именетін,
Дейтіндей неге бұған көрші қондым?
Көп үлкен күйеуі еді, ажырасқан.
Жан екен деп ойладым бағы қашқан.
Егер де маған келіп, қылымсыса,
Түтетіп жіберер ем адыраспан.
Жұмысым тексеруші ем, тергейтінмін.
Сол бір ой мазалап жүр бермей тыным.
Өмір-ай, білсем екен сол тарихтың,
Ішімде шірісе де, өлмейтінін.
Дара біткен жігіттің асылдары,
Жауһарларын ұмытып қасындағы.
Айлакер құмай түлкі таз алдырмас,
Дүние-ай, түлкі айласын асырғаны.
Бірінші досымнан ол бөлек кетті.
Екінші досым да бар бөлек, текті.
Оны да қатынынан ажыратып,
Алдында жорғалатты, өбектетті.
Сыр айттым досты бөлек шығарып ап.
Қатыныңды сүймесең шыда бірақ,
Әйелің күнде маған звондайды,
Балдарың да әке іздеп, жүр аңырап.
Арласпа араға, айтпа деді,
Сен іздеген осы ма жайт керегі?
Бала күннен сүйемін, деді жылап,
Дегеніңнен мен дағы қайтпа дедім.
Үйінен алыстадым бұрылдым да.
Жүгінетін халім жоқ құлын жырға.
Дау шешіп келемін деп шыққан едім,
Сөзі өтпейтін еркекке бұрымдыға.
Кінәласам бола ма Құдайды да,
Басыма нәубәт берді Құдай мына,
Дейді де меніменен сырласады,
Әйелі күні-түні жылайды да.
Езіліп уайымдаймын ет жүрегім,
Жасымды самал желге кептіремін.
Өлеңнің құдіретті сыйын білмес,
Талайға менің дағы кетті кегім.
Қосылды екі мұңлық аяғында.
Қыдырдың қасиеті таяғында.
Немере сүйіп отыр екі ғашық,
Ұмытайық, болған зат баяғыда.