17.08.2022
  89


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Өмір өткелдері

Жаманнан жүрмін бүгін, аяқ алмай.
Итті қуар күн келер, таяқ алмай,
Жүрмеші, ақ пейілді жан-жарыңнан,
Жарты ауыз жылы сөзді аяғандай.
Жанарым да тамшыдан мөлдірейді.
Ұл-қызымды көргенде елжірейді.
Немерелер соңынан ерген кезде,
Әр әженің жаулығы желбірейді.
Әйелдер ай, әйелдер түсінбейсің,
Жар алдында желпініп кішірмейсің.
Әйел түгіл, баптап ап бақшадағы,
Гүлді де өсірген ек үсірмей біз.
Жын ойнақ, шайтан тірлік санамызда,
Ібілістер түсіп жүр арамызға.
Шайтанға ерегесіп, қас қылғанда,
Жұмақтың кілтін ұрлап аламыз ба?
Еркек адам, сыйласаң кешірімді.
Гүл бақшаға бөлейді есігіңді.
Жан-жарым, жарығым-ау түсіне біл,
Өйткені Еркек деген кешірімді.





Пікір жазу