17.08.2022
  70


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Ақын тылсымы

Жүргенде тайраңдаппыз асық қолда.
Жылама,
Жабырқама, жасық болма.
Сезімімен жүретін арпалысып,
Қарындасым,
ақынға ғашық болма.
Аңсарың ауып оған еріп кетпе,
Бірақ та өлеңінен жеріп кетпе.
Жай ғана сәлеміңді жолдап қойып,
Есігіңді жауып ал, берікті ет те.
Қамықсаң, сырласқың кеп, келсең егер.
Иығына бас қойшы, сенсең егер.
Мұңыңды да сырыңды тыңдайды ол,
Өлеңмен тірілтеді өлсең егер.
Кімдерге ұнамайды жақсы болу,
Махаббат уы солай, ащы болу.
Бірақ рет сүйеді ақын жүрек,
Қалғаны тек әшейін жақсы көру.
Келсең кел ақын жанын жұбатам деп.
Айтпа бірақ мен Сізді ұнатам деп.
Барлық ару жолыңда құлап жатса,
Біз ақындар,
Өлеңді ұнатар ма ек?!





Пікір жазу