17.08.2022
  92


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Сенбеймін

Айнала бүгін арпалыс заман, көп дүрмек.
Кете алмай жүрмін, жүрсем де көптен өкпелеп.
Жыларсың бәлкім,
Сынарсың бәлкім, қыйнарсың,
Табарсың менен,
Ақылды жанды ептірек.
Жыларсың мүмкін,
Аңсарсың бал шақ айыңды.
Жырыңды ұққан,
Сырыңды ұққан жайымды.
Адасып қалған еліктей жан ең кешірдім,
Ұқпадың неге жайымды.
Төрінен орын беретін жанмын қонаққа.
Лашыным едің қолыма менің қонақтар.
Жүрегім жалғыз, жұлып ап жаным ұсынсам,
Тоңдырмай оны,
Солдырмай оны орап қал.
Жанымда менің соғылып жатса сеңдей мұң.
Өлеңім дәру,
Әнім де дәру емдеймін.
Жүрегің таза,
Тілегің таза білемін,
Сен мені жаным ұмыттым деме, сенбеймін.





Пікір жазу