17.08.2022
174
Қыз ғұмыр
Қызыл гүлді қорғайықшы ызғардан.
Қыз жүрегі тұнып тұрған ізгі арман.
Қырық қыз бен қыз туралы көп аңыз,
Тарихымда содан бәлкім із қалған.
Үңілсеңіз ғылымдарда көп дерек.
Күйе жағып алмаңызшы көпке тек,
Қыз тілекшің,
Қыз жанашыр, көрерсің,
Жүрген жандар әйеліне өкпелеп.
Деп жүрсің-ау, неге бала тумады.
Ал қызбала, емес пе әлде туғаның?
Мұны неге әйелінен көреді,
Ұл боп емес,
Қыз боп шықса туғаны.
Ажыратпай жүреміз-ау арасын.
Кінәлаймыз,
Қыз тудың деп анасын.
Әр нәпсіге еріп кетер ұл емес,
Қыз дегенің,
Қызғалдақ гүл, жанашыр.
Тілеп алып қайтесің-ау кесірді.
Қыз жауһарың, жидырады есіңді.
Бауырын да уайымдайтын тап солар,
Қиып айтпа, шешімді.
Ұлың болса міндеті де артады.
Кеңге салып жүре алмайсың арқаны.
Уайымдама,
қыздан туған ұрпағың,
Жетпіс пайыз нағашыға тартады.