Ұғысу
Мен ризамын,
Таппаса да тілімді.
Неге жүрек қарс айырылды, тілінді?
Бабалардың тәмсілі де рас екен,
Қасиетті неге сөздер бұрынғы?
Жырым менің, жанашырым жұптас деп,
Қызғанышпен жарты жолда жықпас деп.
Өлеңімді оңды солды сілтеппін,
Орыс тілді жарым мені ұқпас деп.
Өлең өмір,
Өлең менің ол емім.
Өлең үшін өмірімді беремін.
Атасымен жырларымды талқылап,
Әйел жеңді,
Айтқанына көнемін.
Мұның сөзі деп жүрсеңіз ол аңыз,
Жан-жақты ғой,
Жетілген ғой, санамыз.
Ұлыңыздың соңғы өлеңін оқыңыз,
Депті әйелім фейзбуктан қараңыз.
Ұқпаса да, өлең-өмір дерегін.
Үйленгелі өлең жазып келемін.
Түсінбейді,
Мағанасын ұқпас деп,
Кейде оған өлең оқып беремін.
Мәз боламын, өлең жазып арқырап.
Арасында достарымнан қал сұрап,
Жан-жарымның түйсігіне таң қалдым,
Жүр екен ғой өлеңімді талқылап.
Салтын сақта бабалардың бұрынғы.
Асқақ болшы, жоғалтпашы құныңды.
Қадірлеймін, қастерлеймін музаңды,
Тоқтатпашы деді маған жырыңды.
Әйел сөзі,
Ойландым да таңғалдым.
Поэзияның шалығы ұрып қалғанмын.
Түсінетін жан екен деп күйеуін,
Сыйқыр сөзге алдандым.
Өлең ғұмыр,
арасында сайтан бар.
Ақылсыздар көп қой, желіп тайқаңдар.
Өлең де өмір
Өнер де өмір, еркектер,
Бірақ, бірақ байқаңдар.