17.08.2022
  148


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Келер келінге

Кейде мені жетелейді кесір мұң.
Өкпелерсің,
Жамандарсың, кешіргін.
Тұңғыш ұлым ғашық бопты бір қызға,
Кеше ұрсып,
Бүгін оны кешірдім.
Өкпеледі,
Сөйлеспей жүр кешірмей.
Әр қылығы есімде әлі есірген.
Бөлмесінен шықпай қойды қапа боп,
Танып жүрмін есімнен.
Не болғаны ай,
Мына ұлға, несі мұң?
Сұрағым да келіп кетті кешірім.
Екі інісі ақыл айтар деп бүгін,
Қақпауға да тырыстым ау есігін.
Оянып ем, әйел теріс қарады.
Өмір қалған, тірлік қалған баяғы.
Он ұл туар келін маған керек қой,
Қазіргілер бір ұл туып, таяды.





Пікір жазу