17.08.2022
  96


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Гүл қызға

Гүлді қорғап жүрсең дағы үсірмей,
Мәпелерсің ең бір жақын кісіңдей.
Еркекпін ғой,
Пендемін ғой адасар,
Өтермін-ау әйел жанын түсінбей.
Ақыл айту, болып кәсіп ісімдей?
Кейбірімен дауласамын кішірмей.
Әйеліне басу айтып жекеде,
Күйеуінің құнын жүрмін түсірмей.
Бұл дегенің неге бұлай, дерт сана?
Неке суын ішсең оны, Серт сана.
Жұбатудан кейде шаршап кетемін,
Емеспін ғой зертхана.
Мүмкін жұртқа мұңлы өлеңім ұнайды.
Мұңды жырға ерік беріп жылайды.
Жылағанды жұбатар деп ұғынып,
Көп арулар маңайлайтын сыңайлы.
Ұлым өсті,
Жұқалады әмиян.
Ауылда бар, ауыратын қариям.
Сауық құрып кетсем егер сенімен,
Аш қала ма деп қорқамын жанұям.





Пікір жазу