Домбырамның дұрыстап бер тиегін
Кешірім бір сұрайыншы, сөкпе деп.
Еркектерге жылулық та көп керек.
Жас күнімде жүргенім көп ойнақтап,
Содан бәлкім жүрсің жаным өкпелеп.
Есер болдым,
Ерке болдым, тыймадың.
Енді бүгін деп жүрмін- ау,
Сүй жаным.
Жат қойнында кетер ме едім, қызғандың,
Өзге жанның құшағына қимадың.
Еркекпін ғой,
Кештеу кірді ақылым.
Аллаһым да күтші деді-ау, ақырын.
Қойныңдағы қатын дұшпан десе де,
Кеш түсіндім, өзің екен жақыным.
Бүгін жүрсің, арқалабап салмақты.
Сағым жылдар мені оңдырмай алдапты.
Тура жүріп, түзу жолдан адасам,
Еті тірі жан емеспін жан-жақты.
Тағдыр тағлым еріп келем, еп керек.
Басымдағы бағым тайып кетпе деп,
Ержігітті төрге сүйрер әйелі,
Тағы жаным кетпе маған өкпелеп.
Махаббат па?
Ерекше бір сүйемін.
Сезіміме, жүрегіме иемін.
Мұқағали шерткен сол бір домбыра,
Дұрыстап бір берші маған тиегін.