17.08.2022
  96


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Қырғыздың ақын қызына

Қырғыз туыс, қырғыз бауыр таныстым.
Қырда өскен қызғалдақ қыз, таныс гүл.
Он сегізге толып жатыр екен ғой,
Қырғыз гүлі,
Қырғыз қызы Марсгүл.
Туған күнің құтты болсын алтыным.
Жайын ойлап жүретұғын жалпының.
Түркі елінің мақтанышы бола бер,
Ақын қызы,
Әнші қызы халқының.
Тілек айтып,
Халқың бүгін қуанып.
Ерекшесің,
Кереметсің бұл анық.
Ыстықкөлде тілек айтып тойлайық,
Алла жазса келеміз ғой гүл алып.
Шымқалада өзіңізбен таныстым.
Ыстықкөлде бізді Құдай табыстыр.
Чоң атағың айға жетсін тілегім,
Туған күнің құтты болсын Марсгүл.





Пікір жазу