17.08.2022
99
Ақынның жаны тылсым сыр
Тағдыр тауқымет,
Иленіп жүрмін.
Бір түрлі бір жай күйге еніп тұрдым.
Әйелім естіп қоймаса екен,
Түсімде,
Түнде үйленіп жүрмін.
Алдынғы түнде Касспийде жүзіп.
Аққуды көрдім,
Бұл түс те қызық.
Жанымда жүрген аруға бердім,
Тұңғиық- атты бір гүлді үзіп.
Түсіме енген жырларым шығар.
Өлең де өмір,
Асқар шың, мұнар.
Қай ару екен өңімде жүрген?
Түсімде ғана ұрланып шығар.