17.08.2022
  113


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Ақкөңілім

Ақкөңіл жан-жарым ай
Өзіме ұқсап қалған.
Ойлайтын жан-жағын ай,
Кезің жоқ ұсақталған.
Елпілдеп жүгіресің,
Пейілің таза мақта,
Бәріне жүгінесің,
Жатса да жазалап та.
Аққардай көңілің ай,
Баршаны тең көретін.
Арпалыс өмірім ай,
Көкпардай өңгеретін.
Елпілдеп жүргенің ай,
Күйіңе таң қаламын.
Бергендей бізге Құдай,
Пейліңнен айналамын.
Ұлдармен өзің туған,
Өркендеп бақ көңілім.
Әкеңнің жолын қуған,
Жаным сол, ақкөңілім.
Аспанда ұшқан аққу,
Пейліңе таң қаламын,
Елді ойлап жүрген гәкку,
Айтпасқа бар ма амалым?
Аялап өтемін мен,
Жан жарым, көрікті арман.
Жұрттарды жақсы көріп,
Әр жанға сеніп қалған.





Пікір жазу