17.08.2022
  192


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Махаббат дастан

Жаны нәзік жанды аңсадым жаны асыл.
Ақ ниетті, ақ жүректі жанашыр.
Бәз біреулер тағдырым деп көнеді,
Ал біреулер білмей жүр ғой бағасын.
Менің халім тап осылай, шарасыз.
Жұмақ жырмен,
Тозақ тірлік арасы.
Жұбата алмай, жылатам деп қорқамын,
Емдеймін деп жүрегіңнің жарасын.
Жүректе мұң, көңілім де алаңды.
Қала түні неге бүгін қараңғы?
Жалғыздықтың жасы ағады жандардан,
Бір өкініш өкіндіріп санаңды.
Тәлкек тағдыр, бере жатар бағасын.
Көк пен жердің араладым арасын.
Кездесейік дейсің жаным қиылып,
Менің халім кездесуге шарасыз.
Ұнаттың ба,
Тағдырыңның сыйын ұқ.
Келмеймін-ау жаным саған бұйырып.
Махаббаттың жаназасын оқыды,
Көк аспанда қара бұлттар түйіліп.





Пікір жазу