17.08.2022
  146


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Көк туым

Жалған өмір,
Әрбір жанды ойлайсың,
Құлқыным-ай,
неге сонша тоймайсың?
«Арашаға түскен жанға бір таяқ»,
Намысыңды қорғайсың.
Ел басқардың,
Өре, түйсік, сана бар.
Жүк көтерсе боздамайды қара нар.
Ел заңына,
Ел зарына құлақ түр,
Халық өзі бағалар.
Бір күндері көктен күн де күледі,
Ай ма?
Күн бе?
Оны халқым біледі,
Тоғызыншы орында тұр картада,
Қазақ елім- Түркі елінің жүрегі.
Арғы тегім Түркі жұрты, Сақ бабам,
Қазақпын- деп жүрмін дәстүр сақтаған.
Түсімде кеп бабаларым сұраса,
Айтыңдаршы қалай ғана ақталам?
Жағымды еді,
бесік жыры құлаққа,
"Тал бесікте өсе алмадық бірақ та",
Көк аспанда желбіреп тұр намысың,
Уа қазағым,
Көк Туыңды құлатпа!





Пікір жазу