17.08.2022
  140


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Мен де сені кешірем

Қымбат үй ме?
Тар үйіңнен оңдырақ,
Тас қамалың жүрегіңді тоңдырар.
Мәңгі бақи онда өмір сүрмейсің,
Мәңгі мекен бола алмайды ол бірақ.
Неге пенде байлыққа қол созады?
Қымбат көлік,
Ол да темір, тозады,
Білімді бол,
Сауатты бол жарқыным,
Білімділер озады.
Тірлігіңе қарсы шығып қарымды,
Тартып алар ары кетсе тағыңды.
Қурай сынбас әмірінсіз Құдайдың,
Түбі бір күн табарсың-ау бағыңды.
Аз, көп деме бұйырғаны, несібең.
Пенделердің пенделерден несі кем?
Ұлық Құдай кешірімшіл екен ғой,
Олай болса, мен де сені кешірем.





Пікір жазу