17.08.2022
  91


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Қазақ - болам бір күні

Тәңір - дедік,
Шаман болдық дауылды,
Қазан асып, жаудырдық та жауынды.
Арап дінін қабылдадық, сунит боп,
Қанафидің масхабы еді тәуірі.
Жетпіс жылдай өмір сүрдік құдайсыз.
Амал қайсы, көнесің ғой шыдайсың.
Бұ дүние емес,
О дүниені дәріптеп,
Жүргендердің тірлігіне жылайсың.
Желкелеп жүр әр қазақты жат ағам,
Сәлаф, вахаф айға жетті атағың.
Сендер ғана дәріптедің, амал не,
Күн шығарып, айдың қалай батарын.
Елді қорғау ақыл-ойда, білекте,
Ер бақыты, ақ бата мен тілектен.
Мір-Арапты тәмамдаған Мәшһүр де,
Құдай деген, демеп пе еді жүректе?
Дәуірлесін Қазақ елім жайқалып.
Жақсылардың жақсылығын айталық.
Әрбіріміз шүлдірлемей әр тілде,
Алайықшы ана тілді қайтарып.


Тілің де сол ала-шұбар, дінің де.
Айқайласаң естілмейді үнің де.
Қазағым ау,
Ұрпағыңа жол ашып,
Бар жағдайын ойлап кетші тіріңде.
Қолжаулық боп кетпес үшін бір күні,
Біріктіріп тамыры бір Түркіні.
Арап та емес, орыс та емес, қытай да,
Қазақ- болам бір күні.





Пікір жазу