17.08.2022
  96


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Кешіремін

Кей-кезде маза болмай құрсып денем,
Сабырлы болайын деп тырысып келем.
Біреуге өкпелесем, індемей кеп,
Досыма құшақ жайған ұрсып берем.
Әз мінез, әзиз жанға жарасқан ба?
Кім ұтар,
Кім ұтылар таласқанда.
Мендегі өкпе, ақ жауын сіркіреген,
Ақ бұлттың тамшысы етіп жаратқан ба?
Соңында жарқыраймын, күндей күлем,
Әр адамның өмірі бірдей білем,
Қадіріңді түсінбес жандар көп қой,
Сыртыңнан тілектес боп жүр ғой біреу.
Өмір солай,
Бергенін сүремін де,
Іштей жылап, сыртымнан күлемін де,
Кешіремін барлығын, сатып кетіп,
Қанжар сұғып алмашы жүрегіме.





Пікір жазу