17.08.2022
91
Оян қазақ
Оян қазақ,
Менде інде бұқпаймын.
Ұлы жанды, асыл жанды құптаймын.
Бар жағдайды саралаймын өзімше,
Плакат ап алаңдарға шықпаймын.
Оян қазақ,
Оятып ал санаңды.
Бәле тілеп, қан сасытпа алаңды.
Бірлік болса, тірлігің де жарасар,
Елсіз, жерсіз тіршілігің қараңғы.
Ит емессің, ере берме айтаққа,
Өлмесе егер бабаларым қай жақта?
Есіңді жи, талай жанды көрдің ғой,
Жақсыларын, жаманын да сайлап та.
Маған керек,
Ел жұртымның бірлігі.
Киіз үйдің ашық тұрсын түндігі.
Тәңір қолдап, періштелер түсер-ау,
Сол түндіктен ықыласты бір күні.
Сабыр керек,
Керегі не дау қылып,
Болмас дүние,
қайтерсіңдер даурығып.
Билікте де отыр не бір арыстар,
Көрмеңдерші жау қылып.