17.08.2022
  96


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Ауылда қыс...

Ауылда қыс,
Деме досым- Қай ғалам?
Ақ ұлпаға ораныпты айналам.
Анам баптап шәйін құйып берген үй,
Әкем жүріп,
Мал, жандарын жайлаған.
Ех өмір-ай,
Өтер, кетер өтпелі.
Бүршік атты,
талай гүлдер көктеді.
Солуы да,
Болуы да адамның,
Аллаһымның шешімі ме көктегі?
Кейбіреуге ұнамас-ау өткені,
Жанды көрсем жұбатамын, өкпелі.
Жұбатам- деп жүріп сені жылатсам,
Аялашы,
Аямашы,
Сөк мені.
Сенген жанмын,
Көрген жанмын талайды,
Таң атқанда көкжиекке қараймын,
Алла менің пейіліме береді,
Таңым атып келе жатыр арайлы.





Пікір жазу